Рыбакинаны қазақстандық деу ақымақтық, ол Мәскеуде тұрады – журналист

Редактор
08.01.2024, 11:50

Даңқты теннисші 2018 жылы Қазақстан азаматығын алған

Vesti.kz

Польша журналисі Станислав Янецкий Елена Рыбакинаны ресейлік теннисші деп мәлімдеді. Ол ешқашан қазақстандық болмаған дейді Янецкий.

«Тілшілердің Рыбакинаны қазақ дейтін ақымақтығын бұдан әрі тыңдағым келмейді. Ол – орыс, Мәскеуде туған, әлі де сонда тұрады», - деп жазды поляк журналисі өзінің Twitter-парақшасында.

Айта кетейік, Елена Рыбакина 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алып, біздің елдің атынан жарыстарда өнер көрсете бастады. 2022 жылы Уимблдон турнирінің жеңімпазы болған кезде ол өзінің «көк паспортын» көпшілікке көрсетіп, бұдан былай өзін «ресейлік» деп атамауын сұраған болатын.