Зарина Диас Жапониядағы турнирдің ширек финалына шықты

Редактор
15.05.2025, 18:18

Отандасымыздың келесі қарсыласы – жапониялық Момоко Кобори 

ҰОК

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті.

Ширек финалға шығу үшін өткен матчта Диас жапониялық Лиза-Мария Риуге қарсы ойнады. Кездесу 6:1, 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды. Енді Заринаның келесі қарсыласы – тағы бір жапониялық теннисші Момоко Кобори болмақ.

Материалда: