Александр Шевченко Ролан Гаррос турниріне іріктеу бәсекесін сәтті бастады

Редактор
20.05.2025, 13:59

Ол француз өкілі Кальвин Эмериден басым түсті

Sports.kz

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Бордода Францияның ашық чемпионатына іріктеу бәсекесін сәтті жалғастыруда.

Бүгін кортқа шыққан ол әлемдік рейтингте 176-орында тұрған француз өкілі Кальвин Эмериден 2:0 (6:3, 6:4) есебімен басым түсті.

Александр Шевченко турнирдің алғашқы айналымында жапониялық Шинтаро Мочизукиден басым түскен еді. Кездесу 2:1 нәтижесімен аяқталып, шешуші сәтте отандасымыз сенімді түрде жеңіске жетті.

Бүгін іріктеу бәсекесінде қазақстандық Тимофей Скатов Алибек Качмазовпен сынға түседі. Сондай-ақ, Михаил Кукушкин франциялық Жоффри Бланканомен шеберлік байқасады. Әйелдер арасында Францияның ашық чемпионатының іріктеу бәсекесінде қазақстандық теннисшілер сынға түспейді.

Бұдан бөлек, әлемдік рейтингте 12-ші орында тұрған Елена Рыбакина бүгін Страсбург турнирінде қытайлық Ван Синьюймен кездеседі.