Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина Аделаида турниінде жеңіліп қалды

Редактор
11.01.2024, 17:49

Ол енді Аустралия ашық біріншілігіне қатысады

Қазақстан теннис федерациясы

Әлемнің 3-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды.

Аталған турнирдің бірінші ракеткасы ретінде жарысты бастаған отандасымыз ширек финалда әлемнің 21-орындағы теннисшісі, ресейлік Екатерина Александроваға есе жіберді. 

Бірінші сет барысында Рыбакина 0:4 нәтижесіміз ойсырай жеңіле бастаған. Осыдан кейін ол бірнеше геймді алғанымен, алғашқы сеттің нәтижесі 3:6 есебімен аяқталды. Ал екінші сетте қарсыласы бірден 5 геймді қатарынан ұтып, 5:0 есебімен алда шықты. Екі жарым сағатқа созылған сында Рыбакина тағы 6:3 есебімен ұтылып қалды. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы енді Аустралия ашық чемпионатында ойнайды. Аталған жарысқа ол үшінші ракетка болып тіркелген. Рыбакина алғашқы айналымда әлемнің 37-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі. Одан өтсе, испаниялық Кристина Буча мен ресейлік Анна Блинкова жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Жарнама
Жарнама

Материалда: