Елена Рыбакина Ига Швентектен жеңіліп, «Ролан Гарросты» аяқтады

Редактор
01.06.2025, 19:37

Матч үш сетке созылып, Рыбакинаның қателігімен аяқталды

Roland-Garros

Қазақстанның бірінші ракеткасы саналатын Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шыға алмады. Төртінші айналымда поляк қызы Ига Швентекпен кездескен отандасымыз 6:1, 3:6, 7:5 есебімен жеңілді.

Айта кету керек, WTA рейтингінде Рыбакина 11-орында болса, Швентек 5-сатыда келеді. Поляк теннисшісі алдыңғы жылы аталған рейтингтің көшін бастаған еді. Сондай-ақ, ол осы турнирдің былтырғы чемпионы екенін де атап өткен жөн.

Матч 2 сағат 31 минутқа созылды. Алғашқы сетте Рыбакина қарсыласына тек бір геймде ғана жеңілсе, қалған екі сетте жиі қателесіп, жеңіліп тынды.

Осылайша, қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирін тағы да ерте аяқтап отыр. Ал, Швентек болса ширек финалда украиналық Элина Свитолинамен өзара мықтыны анықтайды.