Александр Бублик әлемнің ең үздік теннисшілерінің бірін жеңіп, сенсация жасады

Редактор
02.06.2025, 22:40

Келесі кезеңде ол әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнермен кездесуі мүмкін

ATP

Теннистен Франция ашық біріншілігінде (Ролан Гаррос) өнер көрсетіп жатқан қазақстандық Александр Бублик (#62) әлемнің бесінші ракеткасы – британдық Джек Дрейперді жеңіп, жарыс сенсациясын жасады.

Матчтың алғашқы сетінде Дрейпер басым түскен. Алайда, қалған үш сетте ол жиі қателесіп, Бублик 5:7, 6:3, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Қазақстан теннисшісі «Ролан Гарростың» ширек финалына шықты. Бұл – оның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі ең үздік көрсеткіші.

Енді ол жартылай финалға шығу үшін Янник Синнер (Италия) – Андрей Рублев (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Айта кету керек, Синнер – әлемнің бірінші ракеткасы, ал Рублем – он бесінші.