Юлия Путинцева болса бірінші айналымнан аса алған жоқ
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан (Ұлыбритания) WTA 500 турнирін жеңіспен бастады. Ол жарысқа екінші айналымнан қосылды және британдық теннисші Хитер Уотсонды (№164) 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 24 минутқа созылды. Рыбакина 9 эйс жасап, 2 қос қателік жіберді, ал Уотсон 2 эйс орындап, 4 қос қателікке жол берді.
Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 86-сатыдағы германиялық Татьяна Мариямен таласады.
Осылайша, Рыбакина Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (№27) үшін де қарымта қайтарды. Путинцева бұған дейін күтпеген жерден дәл осы Уотсоннан жеңіліп қалған болатын.