Оның қарсыласы жарыстың аутсайдері саналған
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (ATP рейтингінде 27-орын) Аустралия ашық біріншілігін бірінші айналымнан аяқтады.
Жарысты 1/64 финалдан бастаған Бублик үндістандық теннисші Сумит Нагалмен (137-орын) кортқа шыққан. Жерлесіміз аталған матчтың фавориті саналғанымен, нәтижесінде 0:3 есебімен жеңіліп қалды (4:6, 2:6, 6:7).
Матч 2 сағат 41 минутқа созылды.
Осылайша Australian Open турниріне қатысып жатқан Қазақстанның төртінші теннисшісі жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Бүгін кортқа еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина шығады.