Бұл оның мансабындағы төртінші «Үлкен дулыға»
Әлемнің бірінші ракеткасы италиялық Янник Синнер «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирін жеңіп алды. Финалда ол испан теннисшісі Карлос Алькарастан басым түсті, есеп – 4:6, 6:4, 6:4, 6:4.
Матч 3 сағат 6 минутқа созылды. Осы уақытта Синнер сегіз эйс және небәрі екі дабл-фол жасады. Ал, Алькарас болса 15 эйс пен 7 дабл-фолға жол берді.
23 жастағы Янник Синнер осымен төртінші рет «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің жеңімпазы атанып отыр. Ал, еншісінде барлығы 20 титул бар.
Биылдың өзінде қос теннисші үш рет кездесіп үлгерген. Алдымен Римдегі турнирде, артынша Франция ашық біріншілігінде Алькарас жеңген болатын. Үшінші матчта Синнер реванш алды.