Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Елена Рыбакина АҚШ-тағы беделді турнирдің ширек финалына шықты

Редактор
24.07.2025, 09:50

Рыбакина канадалық Виктория Мбокомен кездесіп, жеңіске жетті

Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орын) АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға шықты.

1/8 финал кезеңінде Рыбакина канадалық Виктория Мбокомен (WTA-88) кездесіп, екі сетте 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Айта кету керек, бұл кездесу Елена үшін Уимблдоннан кейінгі алғашқы ресми матч болды. Вашингтон турнирінің жалпы жүлде қоры – 1 282 951 доллар. Жекелей сында жеңіске жеткен теннисші 197 570 доллар мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады.

Биылғы жарыстың басты фавориті – америкалық Джессика Пегула. Ол WTA рейтингінде төртінші орында тұр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама