Цинциннати турниріндегі жарыс жолын аяқтады.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орында) АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы турнирдің финалына өте алмады.
Жартылай финалда Рыбакина поляк спортшысы Ига Швёнтекпен (3-орын) кездесіп, екі сет қорытындысы бойынша жеңіліс тапты - 4:6, 3:6.
Осылайша, Елена Рыбакина Цинциннати турниріндегі жарыс жолын аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның үздік теннисшісі бұл аламанда мексикалық Рената Сарасуаны (70-орын), бельгиялық Элизе Мертенсті (22-орын), америкалық Мэдисон Кизді (6-орын) және белорус спортшысы Арина Соболенконы (1-орын) жеңген еді.
Биыл Цинциннати турнирінің жүлде қоры 5 152 599 долларды құрайды. Жеңімпаз 752 275 доллар табыс тауып, 1000 рейтингілік ұпайға ие болады. Ал Рыбакина жартылай финалға шыққаны үшін 206 мың доллар сыйақы және 390 ұпай еншіледі.