Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Редактор
23.08.2025, 11:26

Турнир жеңімпаздарына 11 480 АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі

ktf.kz

Қазақстанның теннисшісі Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, АҚШ-тың Кливленд қаласында өтіп жатқан турнирдің финалына шықты.

Жартылай финалда Данилина мен Крунич чехиялық Анастасия Децюк / Мириам Шкох дуэтімен кездесіп, екі сетте айқын жеңіске жетті — 6:2, 6:4. Ойын 1 сағат 19 минутқа созылды.

Осылайша, Анна Данилина мен Александра Крунич финалда тайваньдық Чжань Хаоцин / қытайлық Синью Янь жұбымен сынға түседі. Турнир жеңімпаздарына 11 480 АҚШ доллары көлемінде жүлде қоры және WTA рейтингінде 250 ұпай беріледі.

Айта кетейік, Анна Данилина — Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық разрядтағы бірінші ракеткасы. Қазіргі таңда ол WTA рейтингінде әлемнің үздік ондығына еніп, 10-орынға жайғасқан.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: