Australian Open турнирін италиялық Янник Синнер жеңіп алды

Редактор
28.01.2024, 17:43

Ол алғашқы екі сетте жеңіліп тұрып камбэк жасады

Чемпионат.ру

Теннистен Аустралия ашық біріншілігін алғаш рет италиялық теннисші Янник Синнер жеңіп алды. Финалда ол Ресей тумасы Даниил Медведевпен кездесіп, 3:2 (6:3, 6:3, 4:6, 4:6, 3:6) есебімен басым түсті.

22 жастағы Синнер «Үлкен дулыға» сериясындағы турнирді алғаш рет жеңіп алды.

Айта кету керек, Даниил Медведевтің еншісінде бір «Үлкен дулыға» бар. Ол 2021 жылы АҚШ ашық біріншілігін жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, осы сериядағы бес турнирдің финалында өнер көрсетіп жеңіліп қалды.