Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте Соболенко мен Швёнтекке жақындап қалды

Редактор
27.10.2025, 09:52

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бір саты жоғарылап, алтыншы орынға көтерілді

championat.com

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңа аптадағы әлемдік рейтингті жариялады.

Бірінші орында бұрынғысынша Беларусь өкілі Арина Соболенко тұр. Екінші орында — Польшадан Ига Швёнтек, ал үздік үштікті америкалық Кори Гауфф түйіндеді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бір саты жоғарылап, алтыншы орынға көтерілді. Өткен аптада ол Токиода өткен турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмады. Соған қарамастан, Рыбакина WTA маусымдық қорытынды турниріне жолдамасын ертерек қамтамасыз еткен болатын.

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жеті орын төмендеп, әлемдік рейтингте 76-орынға түсті.

Ал жұптық сында көш басында чехиялық Катержина Синякова тұр. Екінші орында — америкалық Тейлор Таунсенд, ал үшінші орынды италиялық теннисшілер Жасмин Паолини мен Сара Эррани бөліседі.

Қазақстан атынан өнер көрсететін жұптық теннисшілер арасында Анна Данилина өз орнын сақтап, 13-сатыда қалды. Юлия Путинцева бір орын төмендеп — 104-ші, ал Жібек Құламбаева үш сатыға сырғып, 134-орынға тұрақтады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама