Бұл жеңіс арқылы қазақстандық спортшы 1500 рейтингілік ұпай
Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA Finals 2025 турнирінде жеңіске жетіп, мансабындағы ең ірі жетістіктерінің біріне қол жеткізді.
Финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, беларусь теннисшісі Арина Соболенконы 6:3, 7:6 (0) есебімен ұтты.
Бұл жеңіс арқылы қазақстандық спортшы 1500 рейтингілік ұпай және 5 миллион 235 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы иеленді. Ал жаңартылған рейтингте Рыбакина әлемнің бесінші ракеткасына айналады.
Елена Рыбакина WTA маусымының үздік сегіз теннисшісі қатысқан финалдық додада өз тобында сенімді ойын көрсетті.
Топтық кезеңде ол келесі қарсыластарын жеңді:
Жартылай финалда Рыбакина америкалық Джессика Пегуланы (5-орын) 4:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Финалда әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісін тізе бүктіріп, турнир чемпионы атанды.