Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакинадан жеңілген Арина Соболенко еңіреп жылап, балағат сөз айтты

Редактор
09.11.2025, 14:11

Кездесуден кейін Соболенко орындыққа отырып, көзіне жас алды

Matthew Stockman/Getty Images for WTA

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко WTA маусымының қорытынды турниріндегі финалдағы жеңілістен кейін өз-өзін ұстай алмай, эмоцияға берілді. Эр-Риядта өткен шешуші ойында ол қазақстандық Елена Рыбакинаға есе жіберді.

Кездесуден кейін Соболенко орындыққа отырып, көзіне жас алды. Осы сәтте телекамералар оның көңіл күйін түсіріп үлгерді. Белоруссиялық теннисші ашу үстінде қарсыласына қатысты дөрекі сөз айтып қалды:

«Жылына бір рет жолы болып қалады ғой», – деді ол өз командасына бұрылып.

Бұл кадрлар тікелей эфирде көрсетілді. Кейін белгілі болғандай, Арина бұған дейін де ұқсас сөз тіркесін қолданған. 2023 жылғы АҚШ ашық чемпионатында американка Мэдисон Кизге қарсы ойында да ол дәл осы тіркесті айтып, ренішін білдірген болатын. Алайда сол жолы Соболенко матчты өз пайдасына аяқтаған еді.

Бұл жолы бәрі керісінше болды. Рыбакина финалда толық үстемдік танытып, тарихтағы ең ірі табысының иесі атанды.

Реклама
Реклама