Жарысқа барлығы 100-ге жуық құс қатысты
Шығыс Қазақстан облысында құсбегіліктен ересектер арасындағы ХVII Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Ұлан ауданы, Бозанбай ауылын өткен біріншілікке еліміздің 10 облысынан және 2 қаладан 100-ге жуық құсбегі қатысты.
Тіркеуден 61 бүркіт, 21 қаршыға, 14 ителгі өтіп, құсбегілер өзара сынға түсті.
Чемпионат қорытындысы бойынша
Бүркіт құсы бойынша:
1 - орын Сармат Абдулкаримұлы (Атырау облысы), Каспий құсымен
2 - орын Аян Сейітжан (Алматы облысы), Атамұра құсымен
3 - орын Арман Қошқаров (Атырау облысы), Нарын құсымен
3 - орын Алан Искаков (Павлодар облысы), Сонар құсымен
Қаршыға құсы бойынша:
1- орын Ибрагим Базарбаев (Түркістан облысы), Жендет құсымен
2 - орын Мұрат Кодеков (Алматы облысы), Көкжендет құсымен
3 - орын Сағыныш Байетбай (Алматы облысы), Жендет құсымен
3 - орын Құдайберген Рауильұлы (Астана қаласы), Ұшқыр құсымен
Ителгі құсы бойынша:
1 - орын Танат Оспанқұлов (Қарағанды облысы), Самал құсымен
2 - орын Ермек Иманзайып (Павлодар облысы), Ақсеңгір құсымен
3 - орын Дәурен Аршабай (Түркістан облысы), Қаракөз құсымен
3 - орын Темірәлі Төлегенұлы (Қарағанды облысы), Жұлдыз құсымен.