Кабирхан Дубайдағы ат жарысқа қатыспайтын болды

Редактор
28.02.2024, 10:30

Ол басқа жарысқа дайындалып жатыр

Dubai Racing Club

Әлемге танымал Кабирхан есімді сәйгүліктің иесі Тілек Мұханбетқалиев Дубайдағы бәйгеге қатысудан бас тартты. Аталған жарыстың жүлде қоры 1,7 миллион долларды құрайды.

2 наурызда басталатын Dubai Racing Carnival: Super Saturday жарысында Кабирханның қатысатыны бұған дейін айтылған еді. Ол 1,9 миля қашықтыққа шабады деп тапсырыс берілген. Алайда, ат иесі жарыс алдында ойынан айнып қалды.

«Кабирханның жағдайы жақсы. Бапкер Даг Уотсон мен жануар иесі Тілек Мұханбетқалиев сенбі күнгі жарыстан бас тартып, 30 наурызда өтетін Әлем кубогіне дайындалуды жөн көрді», - делінген Dubai Racing Club баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Әлем кубогінің жүлде қоры 7,5 миллион долларды құрайды.

Материалда: