Кабирханға қастандық жасалмады, ол жарысқа дайын емес – тұлпардың иесі

Редактор
09.04.2024, 15:24

Біраз демалыстан кейін сәйгүлік жарыстарға қайта қатысады

Dubai Racing Club

Әйгілі Кабирханның иесі Тілек Мұханбетқалиев сәйгүлігінің жуырдағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді. 

Есте болса, Дубайда өткен әлем кубогінде жарыстың басты фавориті саналған Кабирхан мәрені небәрі сегізінші кескен еді. Мұнан кейін қоғамда оған қастандық жасалғаны туралы қауесет тараған. Тілек Мұханбетқалиев бұл сыбысты жоққа шығарды.

«Ат дайын болған жоқ. Өткен Al Maktoum Challenge турниріне қарағанда дайындығы төмен болды. Ақтық мәреге жақындағанда демі жетпей қалды. Ат бабында. Ол былтырғы маусымнан бастап бәйгеге қатысты, 11 ай жарыста болды», - дейді жылқының иесі.

Біраз демалыстан кейін Кабирхан қайта жарыстарға қатыса бастайды. Сәйгүліктің иесі жокей ретінде Бауыржан Мырзабаевпен жұмысты әрі қарай жалғастыратынын айтты.