Қазақ қызы 300-ден астам садақшының арасынан жеңімпаз болып шықты
Дәстүрлі садақ атудан тарихи жеңіске жеткен Айкөркем Батихан бүгін елге оралды. Стамбұлда өткен "Фетих купасы" халықаралық турнирінде алтыннан алқа таққан мергенді отбасы мен достары және журналистер қауымы қошеметпен күтіп алды.
"FETIH KUPASI-на 30-дан аса мемлекет қатысты. Соның ішінде Түркия, Венгрия, Малайзия, Индонезия. Ең жақсы, ең мықты қарсылас бола алатын садақшылар осы елдерден болды. FETIH KUPASI әлемдік чемпионатпен сай десем де болады. Алғаш рет осы тұңғыш рет орын алғаннан кейін бұл сайыстың маңызы өте жоғары болды. Менің жеке жаттықтырушым да, бас бапкерім де - Ахметов Диас. Жарыс алдындағы дайындықтар бізде күнде таңертеңнен кешке шейін үш сағаттан 200 оқ, 100 оқ атуға тырысатынбыз" - дейді FETIH KUPASI 2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы Айкөркем Батихан.
Еске салсақ, дәстүрлі садақ атудан ұлттық құраманың мүшесі елордалық Айкөркем Батихан Түркияның Стамбул қаласында өтіп жатқан 12-ші “Fetih Cupasi” халықаралық турнирінің жеңімпазы атанған еді.
Бұған дейін жеңіс шыңы бұйырмаған бұл турнирде, жерлесіміз Айкөркем Батихан әлемнің 300-ге жуық үздік мергендерінің арасынан топ жарды.