Алматыда бәйгеден өтетін Қазақстан чемпионатында 100 миллион теңгені кім еншілейді?

Редактор
10.10.2024, 12:41

12 қазанда Алматы ипподромында жанкүйерлерді қызықты жарыстар мен жүлделі шоу-бағдарлама күтіп тұр.

Фото Olimpbet

Қазақтың жүйрік тақымдаған шабандоздары бәйге біріншілігінің финалында жүлделі орындарды сарапқа салады.

Алдағы сенбіде Алматы ипподромында ұлттық спорт түрлері – Құнан бәйге, Топ бәйге және Аламан бәйгенің үздік шабандоздары анықталады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары маусымның басты додасына қатысады.

Турнирдің жүлде қоры 108 650 000 теңгені құрайды. Чемпионаттың бас демеушісі – Olimpbet.

Ең белсенді жанкүйерлер бағалы сыйлықтар – теледидарлар, смартфондар, смарт динамиктерді ұтып алады.

Сондай-ақ қонақтар Асылбек пен Сырымтай Еңсеповтердің қатысуымен керемет концерттік бағдарламаны тамашалайды.

Бәйгеден ел чемпионатының финалы – тартысты додадан арқаланып, ләззат алу ғана емес, сонымен қатар ұлттық дәстүрлер атмосферасына енгізеді.

«Olimpbet Қазақстандағы спорттың №1 инвесторы ретінде бәйге чемпионатын үшінші маусымда қолдады. Соңғы жылдары ұлттық спорттың спортшылар мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп келе жатқанын көріп отырмыз. Бәйге – дәстүрдің, күш пен жеңістің символы және біз мәдени мұраны сақтаудың осы процесінің бір бөлігі болғанымызды мақтан тұтамыз», - деді Olimpbet-тің даму жөніндегі директоры Абзал Қалиев.

Бәйге федерациясының президенті Қанат Көпбаев: «Ат спорты – халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі. Бұл жай ғана спорт емес, бұл мәдениет, қолөнер секілді, ұлы бабаларымыздың мұрасы. Біздің парызымыз – ұлттық спорт түрлерін келешек ұрпаққа жеткізе отырып, дамыту, насихаттау», - дейді.

Бұл спорттық және мәдени фестивальді отбасымызбен бірге жіберіп алмай, тамашалаңыз! 12 қазан, сағат 11:00-де, Алматы ипподромы (Құлагер шағын ауданы, Омарова к-сі, 10 А).

Кіруі тегін.

Алдыңғы жаңалық
Алматыда корольдік аламан