Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Таразда қазақ күресінен ел чемпионаты басталды

Редактор
09.11.2024, 12:11

Оған 450-ден астам балуан қатысуда

Қазақ күресі федерациясы

Таразда қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеде Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен 17 облыстан келген 450-ден астам балуан белдесіп жатыр.

Бұл сында балуандар 16 салмақ дәрежесінде бақ сынамақ.

Аталған чемпионат КСРО-ның және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Марат Жақыттың 80 жылдық мерейтойына орайластырылып ұйымдастырылған.

Белгілі бапкер Марат Жақыт 20 жыл Қазақстан, 10 жыл КСРО құрамасын жаттықтырып, спортқа зор еңбек сіңірген маман. Ол 2 еңбек сіңірген спорт шеберін, 25 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 130 спорт шеберін дайындап шығарды.

Жарнама
Жарнама