Қазақстандық «Кабирхан» есімді тұлпар Дубайдағы бәйгеде тағы топ жарды

Редактор
27.01.2024, 00:52

Аталған жарыстың бірінші кезеңінде де қазақ азаматының жалқысы мәрені бірінші кескен болатын

Instagram

Дубайда өткен Al Maktoum Challenge бәйгесінің екінші кезеңінде қазақстандық тұлпар тағы да бірінші келді. «Кабирхан» есімімен танылған жылқы бұл жолы да әлемнің ең жүйрік деген сәйгүліктерін шаңына ілестірмеді.

Ат жарысы 26 қаңтарда Астана уақытымен 22:00-де Дубайдағы «Майдан» атшабарында басталған. Бәйгеге Кабирханнан бөлек әлемге аты бұған дейін танылған Mimi Kakushi, Atletico El Culano, Clapton, First Constitution және Military Law сынды асыл тұқымды барлығы 13 тұлпар қатысты.

Жарыстың жүлде қоры 100 мың дирхам (шамамен 25 млн теңге).

Айта кетейік, Кабирханды Қазақстан азаматы Тілек Мұханбетқалиев 2021 жылы АҚШ-тан 12 мың долларға сатып алған. Ол 4 жаста. Тұқымы – таза ағылшындық.

Қазір тұлпарды сатып алғысы келетіндер көп. Тіпті, 1 миллион доллар ұсынғандар да болыпты. Алайда, иесі оны ешкімге сатпай отыр.

Материалда: