Сәкен Бибосынов – Киоратспен (Ботсвана) кездеседі
3 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) IBA ұйымдастыруымен өтетін бокстан әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды:
48 келі: Теміртас Жүсіпов – Нгвандо (Танзания) / Соланки (Индонезия) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен;
51 келі: Даниял Сабит – Маджна (Кения);
54 келі: Сәкен Бибосынов – Киоратс (Ботсвана);
57 келі: Оразбек Асылқұлов – Джозеф (Сен-Мартин) / Санчес (Кабо-Верде) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен;
60 келі: Серік Теміржанов – Эрденебат (Моңғолия);
63,5 келі: Ертуған Зейнұллинов – Ледерман (Австралия) / Алтангэрэл (Моңғолия) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен;
67 келі: Санатәлі Төлтаев – Кабинда (Замбия);
71 келі: Абылайхан Жүсіпов – Арутюнян (Армения) / Сезар (Индонезия) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен;
75 келі: Сабыржан Аққалықов – Касилика (Танзания) / Каузин (Сейшел) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен;
81 келі: Ерасыл Жақпеков – Малупо (Того);
86 келі: Дәулет Төлемісов – Соуза (Бразилия);
92 келі: Нұрмағамед Юсупов – Джафоев (Тәжікстан);
+92 келі: Нұрлан Сапарбай – Эсмаэли (Иран) / Раамезан (IBA-Pro) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен.