Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Усик екі жылдан кейін Украина президенттігіне келуді көздеп отыр

03.03.2026, 09:46

Ол спорттық мансабын тағы бірнеше жыл жалғастыратынын атап өтті

Усик екі жылдан кейін Украина президенттігіне келуді көздеп отыр
© REUTERS / Andrew Couldridge

Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта WBC, WBA, IBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Александр Усик болашақта Украина президенттігіне үміткер болу ниеті бар екенін мәлімдеді.

Боксшының айтуынша, ол спорттық мансабын тағы бірнеше жыл жалғастыруды көздейді. Содан кейін саясатқа бет бұруды жоспарында бар көрінеді.

«Болашақ жоспарларың қандай? Спорттық мансабың туралы айтсаңыз» деген сауалға Усик алда кәсіпқой бокста қанша уақыт жүретінін айтты.

«Мен тағы екі жылдай бокспен айналысамын. Ал одан кейін мемлекетке қызмет ету жоспарда бар. Мен президенттен төмен қызметке бармаймын. Губернатор болу ойымда жоқ», — деді Усик «Политика Страны» телеграм-арнасына берген видеосұхбатында.

Айта кетейік, Александр Усик қазіргі таңда ауыр салмақтағы ең беделді нұсқалар бойынша чемпиондық белбеулерді иеленген. Сонымен бірге, кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтаған соң қоғамдық-саяси қызметпен айналысуды көздейтінін ашық атады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам