Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Әли Ахмедов IBO чемпиондық белдігін жеңіп алды

Бүгін, 20:47

Ол Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Асемахле Веллемді нокаутпен жеңді

Әли Ахмедов IBO чемпиондық белдігін жеңіп алды
Әлеуметтік желі

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы уақытша әлем чемпионы атанды.

Ахмедов Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Асемахле Веллеммен қолғап түйістірді. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Қазақстандық боксшы үшінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Кездесу барысында Ахмедовтың басымдығы анық байқалды. Екінші раундта төреші Веллемге екі рет нокдаун санаған болса, үшінші раундта тағы бір мәрте нокдаун тіркелді. Осыдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша, Әли Ахмедов кәсіпқой мансабындағы 26-жеңісіне қол жеткізіп, IBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы белдігін иеленді. Ал Асемахле Веллем кәсіпқой рингтегі үшінші жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, Ахмедов бұған дейін шаршы алаңға өткен жылдың желтоқсан айында шығып, ганалық Делали Миледзиді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам