ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Сұлтан Зауырбек WBA рейтингінен шығарылды

07.09.2026, 15:31

Зауырбек бұған дейін WBA рейтингінде үшінші орында тұрған

Сұлтан Зауырбек WBA рейтингінен шығарылды
Әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінде үздік 15 спортшының қатарына енген жоқ.

Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Зауырбек бұған дейін WBA рейтингінде үшінші орында тұрған. Ұйым қазақстандық боксшыны тізімнен алып тастау себебін әзірге түсіндірген жоқ.

Соған қарамастан, жеңіліссіз келе жатқан отандасымыз әлем чемпионы атағына таласу мүмкіндігін сақтап отыр. Оның келесі жекпе-жегі 26 қыркүйекте Аустралияның Квинсленд штатында өтеді. Қарсыласы — жергілікті боксшы Джексон Инглэнд.

Бұл кездесу IBF тұжырымы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағына міндетті үміткерді анықтайды. Жеңімпаз чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға мүмкіндік алады.

30 жастағы Сұлтан Зауырбек кәсіпқой рингте 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 13 жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған. Ал Джексон Инглэндтің еншісінде 19 жеңіс пен үш жеңіліс бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам