Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов

Қыздар бокс құрамасының бас бапкері алмасты

01.04.2024, 19:33

Италиядағы лицензиялық турнирде боксшы қыздарымыз мүлдем жолдама ала алмады

Қыздар бокс құрамасының бас бапкері алмасты
Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан қыздар бокс құрамасының бас бапкері болған Шамиль Сафиуллин қызметінен кетіп, оның орнына Елдос Сайдалин тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Федерация мәліметінше, бапкерді алмастыру ұсынысын Туризм және спорт министрлігі жасаған. 

Елдос Сайдалиннің бапкерлік өтілі 16 жылдан астам. Қарағанды облысы балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінде жаттықтырушы болған. 2020 жылдан бері әйелдер боксынан Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамаларының аға бапкері. Оның жетекшілігімен 2021 жылғы Әлем чемпионатында қыздарымыз 2 күміс, 3 қола медаль еншілеген. 2022 жылы Әлем чемпионатында жастар құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Ал 2023 жылы Астанада өткен жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қыздары ел қоржынына 8 алтын, 4 күміс және 9 қола медаль салды. Сондай-ақ, былтыр Арменияда өткен жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік додада 3 алтын, 5 қола медаль жеңіп алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт