Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Дайын болыңдар». Абылайхан Жүсіпов мәлімдеме жасады

09.07.2024, 11:08

Боксшы қарсыластарына ескерту жасап үлгерді

«Дайын болыңдар». Абылайхан Жүсіпов мәлімдеме жасады
ҰОК

Бокстан әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, кәсіпқой боксшы (4-0) Абылайхан Жүсіпов әуесқой боксқа қайта оралды. 

Боксшы өзінің кәсіпқой бокста жинаған тәжірибесінің арқасында жас боксшыларға үлгі көрсетпек.

"Мен, Абылайхан Жүсіпов, Олимпиада ойындарынан кейін кәсіпқой бокста 2 жыл тәжірибе жинап, Қарағанды облысының бокс федерациясының және спорт басқармасының шақыруымен, қолдауымен әуесқой боксқа қайта оралып жатырмын. Жинаған тәжірибеммен туған өлкемде, Қарағандыда өсіп келе жатқан жас боксшыларға үлгі көрсетіп, оларды алға талпындырамын деген ойдамын. Қарағанды облысынан әлі де талай-талай Олимпиада ойындарының қатысушыларымен чемпиондары шығады деген ойдамын. Қарсыластарым, дайын болыңдар, мен өзімді көрсетуге дайынмын", - деді Абылайхан Жүсіпов Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019, 2021 жылдары), 2017 Ташкентте өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Ал кәсіпқой рингте 4 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам