Назым Қызайбай өзі қатысқан алғашқы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды
Париж Олимпиадасының жартылай финалында қытайлық У Юге есе жіберген Назым Қызайбай пікірін білдірді.
“Әйелдер боксынан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атану арманым болды. Дзюдошы қыздармен Парижде жолыққанда да соны бір бірімізге тіледік. Қазір өзіме аса көңілім толып тұрған жоқ. Өйткені алтын алғым келді және жеңуге болатын қарсылас еді.
Алайда қытай қызы жекпе-жек барысында алдап кетті. Оған қоса менде “қолаға жеттің, енді алтын алу керек” деген жүктеме тұрғандай болды. Сол кедергі келтіргендей. Жеңсем де, жеңілсем де қасымнан табылатын отбасыма, достарыма рахмет айтамын Жеңісімді маған қолдау көрсеткен көпшілікке арнаймын!”, – деді Назым Қызайбай.
Айта кетейік, 50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юден жеңілді.
Осылайша, Назым Қызайбай өз мансабында тұңғыш рет, өзі қатысқан алғашқы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанып отыр.