Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Баходир Жалолов тағы бір рекорд орнатты

14.08.2024, 14:53

Ол енді әуесқой бокстан түбегейлі кетіп, тек кәсіпқой бокспен айналыспақ

Баходир Жалолов тағы бір рекорд орнатты
gazeta.uz

Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы өзбекстандық Баходир Жалоловтың Париждегі нәтижесі жаңа рекорд болып тіркелді.

Жалолов аса ауыр салмақта Олимпиаданы екі рет жеңген тарихтағы алғашқы боксшы атанып отыр. Ол алдымен Токио Олимпиадасында топ жарса, екінші рет Парижде жеңіс тұғырына көтерілді.

Айта кету керек, бокстағы аса ауыр салмақ Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1984 жылы енгізіліп, бүгінге дейін тоғыз боксшы бір-бірден ғана чемпион болған. Олар: Тайрелл Биггс (АҚШ), Леннокс Льюис (Канада), Роберто Баладо (Куба), Владимир Кличко (Украина), Одли Харрисон (Ұлыбритания), Александр Поветкин (Ресей), Роберто Каммарелле (Италия), Энтони Джошуа (Ұлыбритания) және Тони Йока (Франция).

Баходир Жалолов болса Париждегі жеңісінен кейін әуесқой бокстан кететінін мәлімдеді. Ол енді бағын кәсіпқой бокста сынап көреді.

Жалпы, өзбек боксшылары Париждегі Олимпиадада 5 алтын медаль жеңіп алып, бұрын-соңды Өзбекстан тарихында болмаған нәтижеге қол жеткізді. Оның ішінде екі боксшы Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанған (Хасанбой Дусматов – 51кг, Баходир Жалолов – +92 кг).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам