Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

06.05.2025, 11:27

Умар Кремлев Дубайда ашық баспасөз конференциясын өткізді

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді
Видеодан кадр

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев Дубайда ашық баспасөз конференциясын өткізіп, оған әуесқой және кәсіпқой бокстан танымал боксшылар жиналды. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов, әлемнің экс-чемпионы Артур Бетербиев те бар. Сонымен бірге, еліміздің бокс федерациясының президенті Шахмұрат Әбдімүтәліп те болған.

Шетелдегі басқосуға еркін күрестен екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев та арнайы барған.

Дубайда ІВА басшысы ұйымның болашаққа арналған стратегиялық жоспарын таныстырып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген. Кремлевтің айтуынша, IBA әлемдік боксшылар үшін жетекші ұйым болып қала береді. Ол ұйымның ашықтығы мен даму бағытын атап өткен.

IBA Дубайда өткен конгресс барысында болашаққа арналған маңызды шешімдер қабылдап, 2024 жылғы жетістіктерді қорытындылап, ұйымның кәсіби боксшыларға қолдау көрсетуге және спорттың дамуына бағытталған міндеттемелерін растағаны белгілі болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам