Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Боксшыларымыз Азия чемпионатында 22 алтын медаль жеңіп алды

22.05.2025, 18:07

Қазақстан жастар құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді

Боксшыларымыз Азия чемпионатында 22 алтын медаль жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы

Шри-Ланка астанасы Коломбода бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді.

Жастар санатындағы (2007-2008 жылдары туған) жарыс нәтижесінде 25 салмақ дәрежесі бойынша (13 ұл, 12 қыз) жеңімпаздар анықталды. Ұлдар арасынан финалға 11 қазақстандық боксшы шығып, соның 10-ы алтын жүлдеге ие болды. Тағы бір спортшымыз қола медаль иеленсе, бір салмақта жүлде бұйырмады.

Жүлдегерлер тізімі:

Нұрхан Құмарбеков (48 келі)

Досымжан Таңатар (51 келі)

Алдияр Бахадүр (54 келі)

Нығман Нығмет (57 келі)

Әділет Тортубек (60 келі)

Мұхит Нұрқабылұлы (63.5 келі)

Сұлтан Тұрдалы (67 келі)

Игорь Соловьёв (80 келі)

Расул Асанханов (92 келі)

Бексұлтан Қайратұлы (+92 келі)

Жасұлан Бердалы (75 келі)

Нұрсұлтан Қыстаубай (86 келі)

Айта кетерлігі, бұған дейін қыздар құрамасы да 12 салмақтың барлығында топ жарып, өздерінің мықтылығын паш етті. Осылайша, Қазақстан жалпы есепте 22 алтын медальмен көш бастады.

Жалпыкомандалық алтын саны:

Қазақстан — 22 алтын

Тәжікстан — 2 алтын

Қырғызстан — 1 алтын

Естеріңізде болса 2024 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында Қазақстан 11 алтынмен шектелген еді (қыздар — 6, ұлдар — 5).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Халықаралық бокс федерациясы тарапынан ақшалай сыйақымен марапатталды:

1-орын — $1000, 2-орын — $500, 3-орын — $250.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам