
Ол – қазақтан шыққан алғашқы үш дүркін әлем чемпионы
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова үш дүркін әлем чемпионы, Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбайдың көлігін көрсетті.
Автокөлік жаңартудан өтіп, броньдалған қорғаныс қабатымен қапталған. Видеодан көліктің ерекше мемлекеттік нөмірге – 001NAZ – ие екенін байқауға болады.
«Мына көлікке қараңыздаршы! Назым бронепленка жасатыпты. Әдемі! Менің сүйікті түсім: хаки мен күлгіннің араласуы. Құтты болсын», - деді Балқыбекова.
Еске сала кетейік, Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында (48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) өзінің мансабындағы үшінші алтын медалін жеңіп алды. Ал дәл сол турнирде Балқыбекова 50 келі салмақта алғаш рет әлем чемпионы атанды.