ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Не бокс, не музыка!»: Танымал композитор Нұрғиса Тілендиевтің спорттағы құпия жетістігі туралы білесіз бе?

08.07.2025, 11:42

Дінзухра Тілендиева: Әкем бокспен консерваторияда оқып жүрген жылдары айналысты

«Не бокс, не музыка!»: Танымал композитор Нұрғиса Тілендиевтің спорттағы құпия жетістігі туралы білесіз бе?
әлеуметтік желі

Белгілі композитор, дирижер, Қазақстанның Халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің қызы Дінзухра Тілендиева «Айқын» газетіне берген сұхбатында әкесі туралы қызықты естелігімен бөлісті. Оның айтуынша, Нұрғиса Тілендиев тек музыкаға емес, спортқа да ерекше ынта қойған жан болған.

«Шын мәнінде, әкем спортты жан-тәнімен сүйетін. Оның дене бітімі мығым болды. Тіпті, белгілі бір жасқа дейін оның қарны болмаған. Әкемнің қолдары қатты әрі жұдырығы өте үлкен болатын. Үйімізде әрдайым бокс қолғабы сақталып тұрды. Әкем бокспен консерваторияда оқып жүрген жылдары айналысты. Бір күні ол ешкімге айтпай жарысқа қатысады. Жарыста жеңіп шығып, рингте тұрғанда залда Ахмет Жұбановтың отырғанын көреді. Осыдан кейін Ахмет Жұбанов әкеме «Не бокс, не музыка!» деп алдына таңдау қояды. Сонда әкем музыканы таңдапты. Бірақ мен әкем қай бағытқа барса да, түбінде сол саланың чемпионы болар еді деп ойлаймын», - дейді Дінзухра Тілендиева.

Айта кетейік, биыл Қазақстанның халық әртісі, күйші-композитор, дирижер, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам