ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Өтініш, тоқтатыңыздар!»: Бақыт Сәрсекбаев үндеу жасады

10.07.2025, 09:21

Сәрсекбаев өз атынан жалған ақпарат таратқандар туралы айтты

«Өтініш, тоқтатыңыздар!»: Бақыт Сәрсекбаев үндеу жасады
әлеуметтік желі

Бокстан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев желі арқылы үндеу жасады.

Қазақстанның 22 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының бапкері әлеуметтік желілерде жалған ақпараттың тарап жатқанына алаңдаушылық білдірді. Атап айтқанда, ол өз атынан жарияланған жалған мәлімдемелерді тоқтатуды талап етті. Бұл жазбаларда Қазақстан құрамасын жасақтау және 70 келіге дейінгі салмақта ұлттық құраманың бірінші және екінші нөмірлі спортшылары - Төрехан Сабырхан мен Абылайхан Жүсіпов арасындағы бәсекелестік мәселесі қозғалған.

«Өтініш, тоқтатыңыздар! Менің атымнан жалған ақпарат таратуды доғарыңыздаршы!», - деп жазды Олимпиада чемпионы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Бақыт Сәрсекбаев баптаған жас қазақстандық боксшылар 2025 жылы Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында 22 алтын медаль жеңіп алған болатын.
Осы жетістігінен соң Сәрсекбаевты ұлттық құрамаға шақырту керек деген бастамалар көтеріліп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам