ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Хамза Шираз «Канеломен» жұдырықтасады

14.07.2025, 17:22

Турки әл-аш-Шейх ресми мәлімдеме жасады

Хамза Шираз «Канеломен» жұдырықтасады
Коллаж 1bol.kz

Сауд Арабиясының бокс саласындағы ықпалды тұлғасы Турки әл-аш-Шейх Хамза Шираздың Riyadh Season фестиваліндегі өнеріне риза болып, оның 2026 жылы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жекке шығатынын ресми түрде мәлімдеді.

«Хамза 2026 жылы «Канеломен» кездесуге лайық», - деп жазды Турки әлеуметтік желідегі парақшасында.

Шираздың өзі не дейді?

Баспасөз мәслихатында Хамза Шираз Канеломен жекпе-жек өткізу туралы ұсынысқа қатысты былай деді:

«Канело» туралы артық сөз айтқым келмейді. Бірақ онымен шаршы алаңға шығу - мен үшін үлкен мәртебе. Өз басым оны үлгі тұтамын. Енді сондай боксшымен рингті бөлісуім мүмкін - мұның өзі мен үшін жетістік».

Шираз Альвареспен айқаста барын салатынын қоса кетті.

«Егер «Канеломен» жұдырықтасатын болсам, бұл кездесу Скуллмен өткен соңғы жекпе-жегі сияқты ішпыстырарлық болмайды. Шаршы алаңда соңына дейін жұдырықтасамын, тіпті нокаутқа түссем де. Көрермен нағыз көрнекі айқастың куәсі болады. Себебі біз үшін өмірдің мәні - ұлы болу, ұлылыққа ұмтылу. Өзім солай істейтінімді білемін», - деді ол.

Айта кетейік, 13 қыркүйекте «Канело» Теренс Кроуфордпен кездеседі. Ал 2026 жылы ол кіші Крис Юбенкпен де кездесуі мүмкін деген болжам бар. Сауд Арабиясының өкілдерімен жасалған келісім бойынша, «Канело» төрт жекпе-жек үшін кемінде 400 миллион доллар табыс табады.

Естеріңізде болса, былтыр «Канело» Эдгар Берлангамен 12 раундтық жекпе-жек өткізсе, ал Шираз дәл сол Берланганы небәрі 5 раундта нокаутқа түсірген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 14
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам