Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Стэмфорд Бридждегі» басты шайқас және «фармацевтердің» «қалалықтарға» жасаған сапары

25.11.2025, 18:42

Olimpbet сараптамасы: «Челси» – «Барселона» және «Манчестер Сити» – «Байер» матчтары

«Стэмфорд Бридждегі» басты шайқас және «фармацевтердің» «қалалықтарға» жасаған сапары
Olimpbet Arena

Чемпиондар Лигасы. «Челси» (Англия) – «Барселона» (Испания). 26 қараша, 01:00 (Астана уақыты)

ЛЧ-2025/26 топтық кезеңінің бесінші туры қызықты кездеселерге толы. Соның ішінде айрықша назар аударатын матч – «Челси» мен «Барселонаның» дуэлі.
Olimpbet сарапшылары Лондондағы текетіресте айқын фаворитті көрмейді, тек аздаған басымдықты алаң иелеріне береді.

ТУРНИРЛІК ЖАЙ-КҮЙІ

«Блауграна» турнирдің басты фавориттерінің бірі саналады. Ал «пенсионерлердің» ЛЧ-дағы жеңіс мүмкіндігі каталондықтармен салыстырғанда екі жарым есе төмен.

Алайда қазіргі көрсеткіштер бұл болжамды толық ақтамай отыр. Төрт матчтан кейін «Барселона» небәрі жеті ұпай жинап, жалпы турнирлік кестеде 11-орында тұр. Қос команданың да көрсеткіштері ұқсас.

Лондондықтар да жеті ұпай иемденген, тек доп айырмасында каталондықтардан сәл артта.

СТАТИСТИКА

Жалпы кезеңдегі жағдайына қарамастан, «Барселона» өте нәтижелі ойнап жүр: бір матчта орта есеппен 3 гол соғады. Бірақ қорғаныс әлсіздеу – қарсыластар жеті рет гол соғып үлгерген. Бұл көрсеткіш тіпті 25-орындағы «Марсельден» де жоғары.

«Челсидің» шабуылы онша өткір емес (тоғыз гол), бірақ қорғанысы берік (алты гол ғана жіберген).

«Блауграна» бірқатар маңызды көрсеткіштерде «аристократтардан» сәл басым: қақпаға бағытталған соққылар (орта есеппен 16,75 – 13,75), дәл соққылар (5,5 – 4,75) және допқа иелік ету (61,5 % – 54,75 %).

Ал «Челси» бұрыштан доп беруде алда (6 – 4,5).

ҚАРСЫЛАСУ ТАРИХЫ

Қос клубтың өзара статистикасы да тең дәрежеде: 19 кездесудің алтауында «Челси» жеңген, алтауында «Барселона» басым, тағы жетеуі тең аяқталған.

Алайда Лондонда өткізілген матчтарда «Челси» анық үстем: бес жеңіс, екі тең ойын және бір ғана жеңіліс.

Соңғы кездесу — ЛЧ-2017/18 маусымындағы 1/8 финал — 1:1 есебімен аяқталған.

ҚҰРАМДАР

Екі команда да бір-бірден маңызды ойыншысынан айырылады: «Челсиде» — Коул Палмер, «Барселонада» — Педри жарақат салдарынан алаңға шықпайды.

Бұдан бөлек, Мареска да, Флик те негізгі құрамдарын алаңға шығаруға дайын.

ҚОРЫТЫНДЫ

Olimpbet сарапшылары екі тарап та гол соғады деп есептейді, ал матчтың өзі «нәтижелі» болмақ. Гол соғуы ықтимал басты үміткер — «Барселонаның» тәжірибелі форварды Роберт Левандовски.

«Манчестер Сити» (Англия) – «Байер» (Германия). 26 қараша, 01:00

Манчестерде жергілікті «Сити» леверкузендік «Байерді» қабылдайды. Olimpbet сарапшылары бұл матчта алаң иелерін айқын фаворит деп санайды: олардың жеңу мүмкіндігі қонақтардан он есе жоғары.

ТУРНИРДІК ЖАЙ-КҮЙІ

«Қалалықтар» ЛЧ-2025/26 маусымында сенімді ойнап келеді. Төрт турдан кейін Пеп Гвардиола шәкірттері жалпы кестеде төртінші орында, көшбасшылардан небәрі екі ұпайға қалыс.

Ал «Байердің» жағдайы қиынырақ: бес ұпай және үшінші ондықтағы орын. Бұл турда жеңіліс тапса, плей-офф аймағынан да шығып қалуы мүмкін.

СТАТИСТИКА

«Ман Сити» — чемпиондар лигасының ең нәтижелі командаларының бірі. Қарсылас қақпасына он гол соққан, оның бесеуі — норвегиялық супербомбардир Эрлинг Холландтың еншісінде. Қорғаныс та сенімді: небәрі үш гол жіберген.

Ал неміс клубының көрсеткіштері әлдеқайда төмен: алты гол соғып, он гол жіберген, айырмасы – 4.

Ағылшындар немістерден барлық негізгі көрсеткіш бойынша басым:
– соққылар саны (17 – 10,25),
– қақпаға дәл соққылар (7,75 – 3,25),
– бұрыштан доп беру (4,75 – 3,75),
– допқа иелік ету (62,5 % – 47 %).

СОҢҒЫ МАТЧТАР

Бұл екі клуб бұған дейін кездесіп көрмеген. Сондықтан назарды олардың ұлттық лигадағы соңғы ойындарына аударамыз.

Жуырда «Байер» Бундеслигада сырт алаңда «Вольфсбургті» 3:1 есебімен жеңіп, үздік үштікке кірді.

Ал «Манчестер Сити» Премьер-лигада «Ньюкаслдан» 1:2 есебімен жеңіліп, екінші орыннан үшіншіге төмендеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Соған қарамастан, Olimpbet сарапшылары «Ситидің» айқын жеңісіне сенімді. Тіпті қонақтардың тең ойын алуының өзі алаң иелерінің төрт гол айырмасымен ұтуынан да төмен ықтималдық ретінде бағаланады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам