Клуб тамыз айының соңында Лига кубогынан шығып қалған
«Манчестер Юнайтед» 44 жыл ішінде алғаш рет Англия Кубогы мен Лига кубогындағы жарыстарын алғашқы матчтарынан-ақ аяқтады.
Клуб тамыз айының соңында Лига кубогынан шығып қалса, жексенбі күні Англия Кубогында «Брайтонға» жол берді. Клуб екі турнирде де осыншалықты сәтсіз бастаманы соңғы рет 1981/82 маусымында бастан өткерген.
«Манчестер Юнайтед» Англия Кубогындағы алғашқы ойынында «Брайтоннан» 1:2 есебімен жеңіліп, турнирмен қоштасты. Тамыздың соңында «Манчестер Юнайтед» Лига кубогын да сәтсіз бастаған еді. Ағылшын клубы төртінші дивизиондағы «Гримсби Таун» клубына пенальти сериясында жол берді.
Opta дерегінше, манчестерлік клуб 1981/82 жылғы маусымда Англия Кубогында «Уотфордтан» ұтылса, Лига кубогында «Тоттенхэмге» қарсы екі ойында да жеңілген.
Өткен аптада «Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморимді қызметінен босатып, команданы жаттықтыруды уақытша Даррен Флетчерге тапсырды.