Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Абат Айымбетов ереже бұзып, өз командасының жеңілуіне себепкер болды

10.02.2024, 11:44

«Адана Демирспор» Абат Айымбетовпен қатарынан екі матчта жеңілді

Абат Айымбетов ереже бұзып, өз командасының жеңілуіне себепкер болды
sports.kz

Футболдан Түркия суперлигасының кезекті туры аясында «Адана Демирспор» өз алаңында «Касымпаша» клубын қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Алаң иелері сапында қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетовтің ойнайтынын айта кету керек. Кешегі матчта жерлесіміз гол соға алған жоқ, керісінше өз қақпасына гол кіруге себепкер болды. Ол екінші таймда өз айып алаңында ереже бұзып, төреші пенальти белгіледі. Айып добын Харис Хайрадинович дәл орындап, есепті 0:3-ке жеткізді. Бірінші таймда қонақтар алаң иелеріне жауапсыз екі гол соққан болатын.

Осы пенальтиден кейін «Адана Демирспордың» бас бапкері Абат Айымбетовті ойыннан алып тастады. Ал, 87-минутта Абаттың командаласы әйгілі Марио Балотелли гол соғып, есепті 1:3-ке дейін қысқарта алды.

Айта кету керек, «Касымпаша» турнир кестесінің төртінші сатысында келеді. Ал, «Адана Демирспор» болса 31 ұпай жинап, тоғызыншы орынға жайғасқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам