Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Ордабасы» Еуропада ойнаған тәжірибелі шабуылшыны қатарға қосты

Бүгін, 13:27

Йонсен кәсіби мансабында Еуропа мен Азияның бірнеше елінде өнер көрсеткен

«Ордабасы» Еуропада ойнаған тәжірибелі шабуылшыны қатарға қосты
instagram.com/fc__ordabasy

«Ордабасы» футбол клубы норвегиялық шабуылшы Бьорн Йонсенді ресми түрде сапына қосты.

Клуб пен Норвегия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Бьорн Маарс Йонсен арасында келісімшартқа қол қойылғаны хабарланды.

Йонсен кәсіби мансабында Еуропа мен Азияның бірнеше елінде өнер көрсеткен. Ол Норвегияның «Тёнсберг» және «Русенборг», Португалияның «Лолетану» және «Атлетику Лиссабон», Нидерландтың АЗ, «АДО Ден Хааг» және «Камбюр», Оңтүстік Кореяның «Ульсан Хёнде» және «Сеул», Грузияның «Торпедо Кутаиси» клубтарында ойнаған. Сондай-ақ АҚШ, Шотландия және Болгария чемпионаттарында да тәжірибесі бар.

2017–2021 жылдар аралығында ол Норвегия ұлттық құрамасы сапында 16 матч өткізіп, 5 гол соққан.

Айта кетейік, өткен маусымда УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңінде Йонсен «Торпедо Кутаиси» құрамында «Ордабасыға» қарсы ойында дубль авторы атанған болатын.

Жалпы мансабында ол 381 матчта 147 гол соғып, 23 нәтижелі пас берген тәжірибелі шабуылшы ретінде танылып отыр.

Ойыншының негізгі позициясы – орталық шабуылшы, сонымен қатар қанатта да ойнай алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам