Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Қайраттың» бұрынғы көшбасшысы «Ақтөбеге» ауысты

Бүгін, 13:46

Гиорги Зария қайтадан Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді

«Қайраттың» бұрынғы көшбасшысы «Ақтөбеге» ауысты
instagram.com/geo__team

«Ақтөбе» футбол клубы грузиялық жартылай қорғаушы Гиорги Зариямен келісімшартқа қол қойды. Тараптар арасындағы келісім 2026 жылдың соңына дейін есептелген.

Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс футболшы бұған дейін «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, команда көшбасшыларының біріне айналған болатын.

Зария кәсіби мансабын Грузияның «Саско» клубында бастап, кейін «Динамо» Тблиси құрамында жарқын ойын көрсетті. Тбилиси клубымен бірге ол үш мәрте Грузия чемпионы атанып, ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

2021 жылы футболшы Грузия ұлттық құрамасы сапында дебют жасап, алғашқы матчын Испания құрамасына қарсы өткізді. Кейін «Динамо» Батуми клубында ойнап, 2023 жылғы маусымда Грузия чемпионы атанды. Сол маусымда ол 9 гол соғып, 5 нәтижелі пас беріп, команданың табысына елеулі үлес қосты.

2024 жылдың қарсаңында Зария «Қайратқа» ауысып, қысқа уақыт ішінде алматылық клубтың негізгі ойыншыларының біріне айналды. Алғашқы маусымында 30 матч өткізіп, 15 нәтижелі әрекетпен көзге түсті. Әсіресе «Атырауға» қарсы чемпиондық матчта соққан шешуші пенальтиі жанкүйерлердің есінде қалды.

Жалпы алғанда грузиялық хавбек «Қайрат» сапында 59 матчқа қатысып, 16 гол мен 11 нәтижелі пастың авторы атанды. Оның тұрақты ойыны мен көшбасшылық қасиеті команда жетістіктеріне маңызды әсер етті.

Биыл Зария алматылық клубпен қоштасып, еркін агент ретінде Тбилисидің «Динамосына» оралған еді. Алайда арада көп уақыт өтпей тәжірибелі жартылай қорғаушы қайтадан Қазақстан чемпионатына оралып, енді «Ақтөбенің» намысын қорғайтын болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам