Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Өзбекстан бапкері әлем чемпионатындағы ең қымбат бапкер атанды

Бүгін, 15:46

Каннавароның жалақысы көптеген атақты бапкерлерден асып түсті

Өзбекстан бапкері әлем чемпионатындағы ең қымбат бапкер атанды
Өзбекстан футбол ассоциациясы

Өзбекстан құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы ең жоғары жалақы алатын мамандардың бірі атанды. Италиялық маманның жылдық еңбекақысы шамамен 4 миллион еуроны құрайды.

Осы көрсеткіштің арқасында Каннаваро әлем чемпионатына қатысатын құрамалардың бапкерлері арасында ең қымбат бес маманның қатарына кіріп отыр.

Жалақы көлемі бойынша өзбекстандық команданың бапкерінен тек төрт маман ғана алда тұр. Олар – Англия құрамасының тізгінін ұстап отырған Томас Тухель (5,8 миллион еуро), АҚШ құрамасының бас бапкері Маурисио Почеттино (6 миллион еуро), Германия құрамасының жаттықтырушысы Юлиан Нагельсманн (7 миллион еуро) және Бразилия құрамасын баптайтын Карло Анчелотти (10 миллион еуро).

Бір қызығы, Каннавароның жалақысы Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешамнан, әлем чемпионы Аргентина құрамасының жаттықтырушысы Лионель Скалониден және Испания құрамасының тізгінін ұстаған Луис де ла Фуэнтеден жоғары.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы тарихында алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алып отыр. Орталық Азия өкілдері топтық кезеңде Португалия, Колумбия және Конго Демократиялық Республикасы құрамаларымен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам