Футболшыға толыққанды жаттығу өткізу қиынға соғып отыр
Мәскеудің «Динамо» клубының бас бапкері Сандро Шварц Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді.
Маманның айтуынша, қазақстандық футболшы оқу-жаттығу жиынының басында командамен бірге болғанымен, әзірге толыққанды жаттығу өткізу қиынға соғып отыр.
«Зайнутдинов жиынның басында болды. Оған тұрақты түрде жаттығу жасау өте қиын. Бірақ біз оның жақын арада қатарға қосылатынына сенеміз», – деді Шварц.
Айта кетейік, Мәскеудің «Динамосы» Ресей Премьер-лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы алғашқы ойынын 25 шілдеде Самараның «Крылья Советов» командасына қарсы өткізеді.
Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» сапына 2025 жылдың шілде айында Түркияның «Бешікташ» клубынан ауысты. Оның трансфері мәскеулік клубқа 2,5 миллион еуроға түскен.