Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Магомед Адиев Ресейге оралу туралы сұраққа жауап берді

04.04.2024, 09:48

Білікті маман «Ахматты» жаттықтырады деген қауесет тараған

Магомед Адиев Ресейге оралу туралы сұраққа жауап берді
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «Спорт День За Днем» сайтына берген сұхбатында Ресей клубына оралу мүмкіндігі жайлы сұраққа жауап берген.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Адиевтің бір кездері жұмыс істеген «Ахмат» клубына қайта тағайындалуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын. 

«Ахмат»? Ешқандай пікір білдіре алмаймын. Жақында бәрін өздеріңіз білетін боласыздар», – деді Адиев.

«Серый CARDINAL» телеграм-каналы Магомед Мұсаұлының «Ахматтың» қазіргі бапкері Мирослав Ромащенконың орнын басуы мүмкін екенін жазған еді.

Айта кетейік, Магомед Адиев Қазақстан құрамасын 2022 жылдан бері басқарып келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам