Клуб қожайындары тағы екі кандидатты қарастырып жатыр
Футболдан Ресей құрамасының бұрынғы шабуылшысы Александр Кержаков Алматыға келді. Ол жергілікті «Қайрат» клубының бапкері болуы мүмкін. Қазір клуб басшыларымен келіссөздер жүргізіп жатыр деп хабарлады ресейлік инсайдер Иван Карпов.
Оның жазуынша, қазіргі таңда Қайрат Боранбаев бастаған менеджерлер тобы үш кандидатураны қарастырып жатыр. Кержаков – солардың бірі.
41 жастағы экс-футболшы соңғы бір жылдан бері бапкерліктен қол үзген. Ол бұған дейін «Томь», «Нижний Новгород», кипрлік «Кармиотиссы» және сербиялық «Спартак» клубтарын жаттықтырған.
Ал, «Қайратты» бұған дейін даттықтырған Кирилл Кекер үш апта бұрын отставкаға кеткен болатын. Алматылық клуб қазір ел чемпионатында турнир кестесінің үшінші сатысында келеді.