Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Черчесов Қазақстан құрамасын қайта жасақтай ма?

06.06.2024, 11:06

Алдағы Армения және Әзірбайжанмен болатын жолдастық кездесулерге шақырылған футболшылардың бесеуі денсаулығына байланысты құрамадан кетіп қалды

Черчесов Қазақстан құрамасын қайта жасақтай ма?
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысуымен командадағы ойыншылар да ауыса ма? Бұл сұрақ отандық футбол жанкүйерлерін аз мазалаған жоқ. Vesti.kz сайтына берген сұхбатында осынау сауалдң жауабын Станислав Черчесовтың өзі берді.

«Құраманы жаңарту дейсіз бе? Құрмет деген ұғым бар. Осы уақытқа дейін ойнаған, жеңіс сыйлаған, жанкүйерлерді қуантып келген футболшылар бар. Осы тұрғыда өте сақ, байыпты және әділетті болу керек. Жасы үлкен футболшылар бар, оларды алмастыру керек дегенді оқыдым. Өзім де 40 жасқа дейін ойнап, төлқұжатыма қараған емеспін. Ендеше футболшымның төлқұжатына неге қарауым керек? Құрамада жас ешқандай рөл ойнамайды. Құрама – бұл бүгін және қазір деген ұғым. Дәл қазір кім көмектесе алады, сол керек, ұзақмерзімді келісімшарт ұсынатын клуб емеспіз. Егер ардагер футболшымен тең ойнап, бәсекелестік таныта алатын жастар болса, онда болашаққа бағыт алып, соларға мүмкіндік беруіміз қажет. Бұл жағынан менде тәжірибе бар. Головин 18 жасынан бастап негізгі ойыншы болды, ал қазір қай жақта ойнап жүргенін өздеріңіз білесіздер. Миранчук те дәл солай», - деді Черчесов.

Еске салайық, алдағы бір аптада Қазақстан құрамасы Армениямен және Әзірбайжанмен жолдастық кездесулер өткізеді. Бұл ойындарға команданы бұрынғы бас бапкер Магомед Адиев жасақтап беріп кеткен еді. Алайда, кеше белгілі болғандай, шақыртылған ойыншылардың бесеуі денсаулығына байланысты құрамадан кетіп қалған. Черчесов болса аталған екі матчқа да қатыспайтынын, жұмысын тек сол ойындардан кейін бастайтынын айтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам