Желі қолданушылары бұл жаңалықты қуанышпен қабылдады
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны, «Тобыл» футбол клубының ойыншысы Асхат Тағыберген әке атанды.
Бұл сүйінші хабар Қазақстан футбол федерациясының ресми парақшасында жарияланды.
«Футболшы Асхат Тағыберген мен жұбайы Махаббатты отбасындағы үлкен қуаныштарымен – төртінші перзентінің дүниеге келуімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны, «Тобылдың» қазіргі ойыншысы үшін бұл сәт – әкелік бақыттың тағы бір шуағы. Жаңа туған сәбидің бауы берік болып, ғұмыры ұзақ, өмірі шаттық пен берекеге толы болсын!», - делінген хабарламада.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты қуанышпен қабылдап, жүрекжарды тілектерін білдірді. «Керемет, дәл «Қайрат» пен «Реалдың» матчы өткен күнге сәйкес келді», «Есімін Жеңіс қояйық», «Бауы берік болсын!», «Тарихи күндегі қуанышты хабар» деген жылы пікірлер жазылды.