ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Шымкенттегі орталық стадионды жөндеуге 149 млн теңге жұмсалды

02.10.2025, 12:14

Газонды ауыстыруға 54 млн теңге кеткен

Шымкенттегі орталық стадионды жөндеуге 149 млн теңге жұмсалды
әлеуметтік желі

Жыл басында «Ордабасы» футбол клубының демеушілігімен стадиондағы табиғи газон толықтай ауыстырылып, автоматты суару жүйесі орнатылды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті.

Жобаның жалпы құны – 78 млн теңге, оның ішінде газонды ауыстыруға – 54 млн теңге, ал суару жүйесіне – 24 млн теңге жұмсалды. Бұған қоса, жүгіру жолақтары халықаралық стандарттарға сай қайта жабдықталып, көк түсті сапалы тартан жабыны төселді. 8 жолақ қарастырылған жаңа алаңды жабдықтау 380 млн теңгеге түсіп, ол да демеушілердің қолдауымен іске асырылды.

Жаңғырту жұмыстары бірнеше бағытты қамтыды. Стадион аумағы толық абаттандырылып, бұрын-соңды ауыстырылмаған газон жаңарды, халықаралық сертификатталған жабыны бар жүгіру жолдары төселді. Сонымен бірге негізгі командаға арналған жаттығу және қалпына келтіру блогы ашылды, бапкерлер мен қосалқы ойыншыларға ыңғайлы орындықтар орнатылды. Көрермендерге арналған орындықтар мен ВИП-кабиналар жаңартылып, жаңа мультимедиялық табло, заманауи LED-экрандар және борттық мониторлар іске қосылды, – делінген әкімдік ақпаратында.

Жалпы жаңғыртуға жергілікті бюджеттен 149 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, негізгі құрылыс материалдары мен жабдықтар демеушілер есебінен қамтамасыз етілді.

Жаңартылған «Орталық» стадион футбол жанкүйерлеріне қолайлы жағдай жасап қана қоймай, халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге толық мүмкіндік бермек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам