Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Шавкат Рахмоновтың алдағы қарсыластары анықталды

23.11.2025, 13:15

Рахмонов өзінің бұрынғы қарсыласымен тілдесіп те үлгерді. 

Шавкат Рахмоновтың алдағы қарсыластары анықталды
UFC

ММА туралы жазатын ресейлік журналист Игорь Лазорин ирландиялық Иэн Гэрридің жартылай орта салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы америкалық Белал Мухаммадты жеңуіне қатысты пікір білдіріп, сондай-ақ қазақстандық Шавкат Рахмоновтың титул жолындағы рөліне баға берді.

22 қараша күні Гэрри Дохада (Катар) өткен UFC турнирінде Мухаммадты төрешілердің ортақ шешімімен жеңді. Бұл іс-шараға командаласы Асу Алмабаевты қолдауға Шавкат та барған еді. «Номад» өзінің бұрынғы қарсыласы Гэрримен қысқаша сөйлесіп үлгерді.

Гэрридің жеңісіне күмән жоқ. Айтарлықтай әсерлі айқас болған жоқ, Белалдың чемпиондық деңгейде бәсекелесе алмайтыны көрініп тұр. Қалай дегенмен жасы 37-ге келді. Мұндай кездесуден кейін оның үміткер атана алмайтыны анық.

Бірақ жағдай шиеленісіп кеткен. Егер Ислам Камаруды таңдаса, басқаларына тағы күте тұруға тура келеді.

Пратес/Моралес – Шавкат. Солардың бірі Гэрримен төбелеседі. Жағдай осылай өрбуі мүмкін, – деп жазды журналист өзінің Telegram-арнасында.

Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде төртінші орында тұр. Ол соңғы рет октагонға өткен жылдың желтоқсанында шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам